8 сағат бұрын
Хоккейден Қазақстан кубогында «Құлагер» «Бейбарыстан» басым түсті
Атыраулық «Бейбарыс» пен петропавлдық «Құлагер» шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогы аясында кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч «Құлагердің» пайдасына 4-1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамында Александр Гопиенко (28, 49-минуттар), Дмитрий Исмагилов (31-минут) және Владислав Сайко (58-минут) голмен көзге түсті. «Бейбарыс» үшін жалғыз шайбаны Владимир Ткачев (47-минут) соқты.
Осылайша, «Құлагер» турнирде алғашқы жеңіске жетіп, екі ұпай жинады. Ал «Бейбарыс» бірінші жеңіліске ұшырап, В тобы нда екі ұпаймен қалды.
18 тамызда Петропавл ұжымы павлодарлық «Ертіспен» ойнайды. Ал атыраулықтар сол күні қарағандылық «Сарыарқамен» кездесу өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz