Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ливерпуль Ливерпуль 0:0 Аяқталды Комо Комо Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 2:2 Аяқталды Хоффенхайм Хоффенхайм Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 0:2 Аяқталды Тобыл Тобыл Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 2:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 2:2 Аяқталды Елімай Елімай Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 1:1 Аяқталды Астана Астана Суперкубок Англии Футбол Арсенал Арсенал 3:0 Аяқталды Манчестер Сити Манчестер Сити Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Базель Базель 2:5 Аяқталды Барселона Барселона Ла Лига Футбол Расинг Расинг 2:2 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Шальке Шальке 0:3 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ньюкасл Ньюкасл 1:1 Аяқталды Страсбур Страсбур Премьер-Лига Футбол Атырау Атырау 0:2 Аяқталды Оқжетпес Оқжетпес Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 2:2 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Италия кубогы Футбол Дженоа Дженоа 4:1 Аяқталды Асколи Асколи Ла Лига Футбол Эспаньол Эспаньол 3:0 Аяқталды Леванте Леванте Чехия бірінші лигасы Футбол Слован Слован 1:1 Аяқталды Славия Славия Словения бірінші лигасы Футбол Копер Копер 0:0 84 Браво Браво Лига 1 Футбол Корвинул Корвинул 2:0 71 ЧФР ЧФР Суперлига Футбол Бешикташ Бешикташ 1:0 71 Эюпспор Эюпспор Италия кубогы Футбол Верона Верона 2:1 49 Виртус Энтелла Виртус Энтелла

6 сағат бұрын

«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогына қатысады

«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогына қатысады

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Астаналық «Барыс» 17-20 тамыз аралығында Ресейдің Уфа қаласында өтетін Башқұртстан Республикасы кубогы турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Команда құрамындағы қазақстандық хоккейшілер 15 шілдеде елордаға жиналды. Олардың қатарында қақпашы Владислав Нурек, қорғаушылар Бейбарыс Оразов, Артём Королёв пен Кирилл Никитин, шабуылшылар Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Семён Симонов, Абзал Әлібек және Асанәли Саркенов бар.

Хоккейшілер жаттығу процесін бастап, мұз айдынындағы алғашқы жаттығуын өткізді. 1 тамыздан кейін олардың қатарына тағы бірнеше ойыншы қосылды.

Айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылатын жарысқа алаң иесі «Салават Юлаев» (Уфа), «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) және қазақстандық «Барыс» қатысады.

«Барыстың» ойын кестесі:

17 тамыз, 19:00 «Салават Юлаев» – «Барыс».

18 тамыз, 15:00 «Барыс» – «Амур».

20 тамыз, 13:00 «Лада» – «Барыс».

Одан кейін Михаил Кравецтің шәкірттері сол елдің Санкт-Петербург қаласында жалауын көтеретін Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды. Команданың 2026/27 жылғы ҚХЛ маусымына дайындықтың қорытынды кезеңі 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz