5 сағат бұрын
«Барыстың» жаңа маусымдағы капитаны белгілі болды
Астаналық «Барыс» жаңа ҚХЛ маусымындағы команданың капитаны мен оның ассистенттерін анықтады.
Алдағы маусымда команданың капитаны қызметін Кирилл Савицкий атқарады. Оның ассистенттері ретінде Джейк Масси, Самат Данияр және Мэйсон Морелли белгіленді.
«Барыс» маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін 17-20 тамыз аралығында Башқұртстан Республикасының Кубогына, ал 27-30 тамызда Николай Пучков турниріне қатысады.
КХЛ-дағы тұрақты чемпионатты Михаил Кравец шәкірттері өз алаңындағы сериямен бастайды. 7 қыркүйекте «Сибирьмен», 9 қыркүйекте «Салават Юлаевпен», 12 қыркүйекте «Амурмен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz