7 сағат бұрын
17 жастағы қазақстандық хоккейші «Барыстағы» дебюті туралы айтты
17 жастағы қорғаушы Темірлан Айболұлы «Барыс» сапында алғаш рет мұз айдынына шығып, Башқұртстан Республикасының Кубогі аясында «Салават Юлаевқа» қарсы өткен кездесудегі дебютін қорытындылады. Астаналық клуб 1:4 есебімен жеңілді.
Айболұлы мұндай деңгейде өз мүмкіндігін сынауға мүмкіндік алғанына қуанышты екенін айтты.
«Маған осындай деңгейде өзімді көрсетуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Жас ойыншылар үшін ҚХЛ командасымен бірге жаттығудың өзі үлкен тәжірибе әрі ұмытылмас сезім. Жиын барысында өзім үшін көп жаңалық білдім. Бәрінде жылдамырақ болу керек, шешімдерді де тез қабылдау қажет. Аға ойыншыларға мұз айдынында да, киім ауыстыратын бөлмеде де қызығушылықпен қарап, өзіме қорытынды жасаймын. Әзірге маған физикалық дайындық жетіспейді. Оны жақсартуға тырысамын», — деді қорғаушы.
Ол «Салават Юлаевқа» қарсы кездесуде жылдамдықтың қатты ерекшеленгенін атап өтті. Бірінші кезеңде қобалжығанын, кейін өзіне сенімдірек сезіне бастағанын жеткізді.
Сондай-ақ жас хоккейші өзінен он жас үлкен Адиль Бекетаевтың бейімделуіне көмектесіп жүргенін айтты. Бекетаев әр ауысымнан кейін ойын барысын талдап, дұрыс және қате әрекеттерін түсіндіріп отырады.
Біздің серіктес: Sport12kz