5 сағат бұрын
«Барыс» Уфадағы турнирдегі соңғы матчын өткізеді
«Барыс» Уфада өтіп жатқан Башқұртстан Республикасының кубогіндегі соңғы кездесуін Тольяттидің «Лада» командасына қарсы өткізеді.
«Лада» турнирдегі алғашқы матчында «Салават Юлаевты» 6:3 есебімен жеңді. Ал «Барыс» әзірге ұпай жинаған жоқ. Астаналық клуб алдымен «Салават Юлаевтан» 1:4, кейін «Амурдан» 1:5 есебімен жеңілді.
«Амурға» қарсы кездесуде «Барыстың» жалғыз голын Самат Данияр соқты. Сондай-ақ 20 жастағы шабуылшы Абзал Әлібек КХЛ деңгейіндегі алғашқы ойынын өткізді. Қақпашы Хантер Шепард та команда сапында алғаш рет мұз айдынына шықты.
«Лада» — «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz