6 күн бұрын
«Барыс» Башқұртстан кубогындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Астаналық «Барыс» Башқұртстан Республикасының кубогындағы соңғы ойынында Тольяттидің «Ладасын» 2:1 есебімен жеңді.
Ойынның алғашқы кезеңінде қос команда да есеп аша алмады. Екінші кезеңде Расим Шакиров «Ладаны» алға шығарғанымен, көп ұзамай Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестірді.
Үшінші кезеңде Семен Симоновтың соққысы шешуші болды. Оның шайбасы «Барысқа» матчтағы алғашқы жеңісін сыйлады.
Осы нәтижеден кейін Михаил Кравец шәкірттері турнирдегі алғашқы ұпайларын еншіледі. Бұған дейін елордалық клуб «Салават Юлаевтан» (1:4) және «Амурдан» (1:5) жеңілген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz