3 күн бұрын
Теофимо Лопес әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс кешінің басты жекпе-жегі өтті.
Рингте америкалық боксшылар Роландо Ромеро мен Теофимо Лопес кездесті. Ромеро бұл жекпе-жекте WBA Super нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғады.
12 раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа созылды. Нәтижесінде төрешілердің басым дауысымен Теофимо Лопес жеңіске жетті. Есептер — 114:114, 115:113, 116:112.
Осылайша, Лопес кәсіпқой мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізіп, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар ол үшінші салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуге ие болды.
Ал Роландо Ромеро кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.
Біздің серіктес: Sport12kz