5 сағат бұрын
Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы финалына қай командалар өтті?
Фото: «Торпедо» хоккей клубы
Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы финалына шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қарағанды қаласында жартылай финал ойындары өтті. Онда өскемендік «Торпедо» Рудныйдың «Горнягын» 5:2 есебімен жеңсе, қарағандылық «Сарыарқа» «Ақтөбеден» 3:2 есебімен басым түсті.
Енді финалда 25 тамызда «Торпедо» мен «Сарыарқа» шеберлік байқасады.
Алдын ала кезеңнің кездесулері 14-19 тамыз аралығында өтті. А тобында өскемендік «Торпедо» барлық кездесуде жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын алды. Екінші орынға алты ұпаймен «Ақтөбе» командасы жайғасты.
В тобында «Сарыарқа» жеті ұпаймен көш тізгінін қолға алса, алы ұпай еншілеген «Горняк» екінші орынға табан тіреді.
Енді плей-офф кезеңінде жартылай финалдар ұйымдастырылады. Онда топ жеңімпаздары келесі топта екінші орын алған командалармен кездеседі. Одан кейін финалдық матч өтеді. Шешуші ойындар 24 тамызда Қарағандыда ұйымдастырылады.
Айта кетсек, Қазақстан Кубогының қазіргі иегері – «Торпедо» командасы.
Біздің серіктес: Sport12kz