1 күн бұрын
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы елге қайта оралады
Қазақстандық танымал хоккейші Евгений Рымарев мансабын жалғастыратын клубын таңдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
37 жастағы шабуылшы «Алматы» хоккей клубымен келісімшартқа отырады деп күтілуде. Қазіргі таңда келісімнің нақты шарттары жарияланған жоқ.
Еске салайық, Рымарев бұған дейін Словакияның «19 Гуменне» клубында өнер көрсеткен. Ол команда сапында тұрақты чемпионат пен плей-офф кезеңінде жалпы 26 матч өткізіп, 23 ұпай (10 гол + 13 нәтижелі пас) жинаған.
Мансап жолында Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Өскеменнің «Торпедо», Астананың «Барыс», Ханты-Мансийскінің «Югра», Туланың АКМ, «Юнисон-Москва», Ижевскінің «Ижсталь» және Жлобиннің «Металлург» клубтарында ойнаған.
Евгений Рымаревтың Қазақстанға қайта оралуы отандық хоккей жанкүйерлері үшін маңызды жаңалық болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz