3 сағат бұрын
«Торпедо» Қазақстан кубогын екінші жыл қатарынан жеңіп алды
Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогының 2026 жылғы жеңімпазы анықталды. Өскеменнің «Торпедо» клубы финалда Қарағандының «Сарыарқасын» 8:2 есебімен жеңіп, басты жүлдені екінші жыл қатарынан иеленді.
Финалдық матчта есепті «Сарыарқаның» шабуылшысы Александр Борисевич ашты. Алайда көп ұзамай «Торпедо» есептен алға шықты. Степан Рифель мен Ерік Алдабергенов бірінші кезеңде бір-бір шайбадан соғып, өскемендік команданы алға шығарды.
Екінші кезеңнің соңына қарай Никита Колобов есеп айырмасын ұлғайтты.
Үшінші кезеңде өскемендік хоккейшілер қарсыласына мүмкіндік бермеді. Диас Гусейнов қатарынан екі шайба соғып, «Торпедоның» басымдығын арттырды. Бұдан кейін қарағандылық Кирилл Пономарёв есеп айырмасын қысқартқанымен, өскемендік клуб жауапсыз қалмады.
Дмитрий Гренц пен Никита Колобов тағы бір-бір рет мергендік танытса, кездесудің соңғы нүктесін Павел Жирнов қойды.
«Сарыарқа» (Қарағанды) — «Торпедо» (Өскемен) 2:8 (1:2, 0:1, 1:5)
Осылайша «Торпедо» Қазақстан кубогының жеңімпазы атанып, трофейді екінші жыл қатарынан еншіледі.
Біздің серіктес: Sport12kz