5 күн бұрын

«Барыстың» кезекті қарсыласы анықталды

«Барыстың» кезекті қарсыласы анықталды

Астаналық «Барыс» Николай Пучков атындағы турнирдегі екінші кездесуін СКА-ВМФ командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

СКА-ның Жоғары хоккей лигасында өнер көрсететін фарм-клубы турнирді «Адмиралға» қарсы 1:2 есебімен жеңіліспен бастады. Санкт-Петербург командасының жалғыз шайбасын Максим Казаков соқты.

«Барыс» бұған дейін СКА-мен тартысты матч өткізіп, буллиттер сериясында 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Астаналықтардың құрамында Всеволод Логвин маусым алдындағы алғашқы шайбасын соқты. Оған Самат Данияр нәтижелі пас берді. Қақпашы Хантер Шепард 19 соққыны қайтарды.

Бұл кездесуде Джастин Бэйли алғаш рет «Барыс» сапында мұз айдынына шықты.

СКА-ВМФ — «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.




Біздің серіктес: Sport12kz