4 күн бұрын
«Барыс» Николай Пучков турнирінде қатарынан екінші рет жеңілді
Қазақстандық «Барыс» командасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Николай Пучков атындағы турнирде екінші ойында Ресейдің СКА-ВМФ (Санкт-Петербург) командасына есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Халықаралық турнир 27-30 тамыз күндері өтіп жатыр. Онда Турнир барысында елордалық клуб Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Адмирал» (Владивосток) және СКА-ВМФ (Санкт-Петербург) командаларымен шеберлік байқасады.
Кездесу барысында қазақстандық клубтан Кирилл Ляпунов 28-минутта есеп ашса, оған 39-минутта Никита Сураев 39-минутта бір голмен жауап берді.
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, овертаймға ұласты. Овертаймда жеңіспаз анықталған жоқ. Буллиттен ресейлік клуб жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық клуб қарсыласына буллиттен 1:2 есебімен есе жіберіп қойды.
«Барыс» алғашқы кездесуде Ресейдің СКА командасына буллиттен 1:2 есебімен есе жіберген еді.
«Барыс» командасының құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәли Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, ңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Айта кетейік, Мэйсон Морелли отбасылық жағдайына байланысты турнирге қатыса алмайды.
Енді олар турнир барысында бүгін, 29 тамызда «Адмирал» клубына қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz