3 күн бұрын
«Барыс» бүгін Санкт-Петербургтегі турнирде үшінші ойынын өткізеді
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Николай Пучков атындағы турнирде бүгін үшінші ойынын Ресейдің «Адмирал» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазірге дейін қазақстандық команда екі ойын өткізді. Алдымен олар Санкт-Петербургтің СКА, одан кейін сол қаланың СКА-ВМФ клубынан буллиттен 1:2 есебімен есе жіберді.
Елордалық клубтың бас бапкері Михаил Кравец бұл турнирде төмендегі ойыншыларға сенім артты.
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәли Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, ңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Айта кетейік, Мэйсон Морелли отбасылық жағдайына байланысты турнирге қатыса алмайды.
Біздің серіктес: Sport12kz