Матч орталығы

14 сағат бұрын

«Барыс» тартысты матчта «Адмиралдан» басым түсті

«Барыс» тартысты матчта «Адмиралдан» басым түсті

Астананың «Барыс» хоккей клубы Санкт-Петербургте өтіп жатқан Николай Пучков атындағы турнирде Владивостоктың «Адмиралына» қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Тартысқа толы ойын негізігі уақытта 5:5 есебімен аяқталды. Қазақстандық клуб сапында Дінмұхамед Қайыржан үшінші минутта есеп ашты. 17-минутта Семен Симонов «Барыстың» екінші шайбасын соқты.

Екінші кезеңде Әлихан Өмірбеков екі рет мергендік танытып, дубль авторы атанды. Ол 36 және 57-минуттарда қарсылас қақпасын дәл көздеді. Сонымен қатар 37-минутта Джастин Бэйли есепті еселеді.

«Адмирал» сапынан Иван Муранов дубль жасады. Владивосток клубының қалған шайбаларын Дмитрий Завгородний, Александр Волков және Энтони Камара соқты.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаған соң, командалар овертаймға өтті. Қосымша уақыттың алғашқы минутында Чейз Приски шешуші шайбаны соғып, «Барысқа» 6:5 есебімен жеңіс сыйлады.

Осылайша, елордалық клуб Николай Пучков атындағы турнирде маңызды жеңіске қол жеткізді.


Біздің серіктес: Sport12kz