5 сағат бұрын

«Алматы» жаңа трансферін жариялауға жақын

«Алматы» жаңа трансферін жариялауға жақын

Ресейлік шабуылшы Иван Петраков «Алматы» хоккей клубының ойыншысы атанады, деп хабарлайды Sport12.kz.

32 жастағы форвард өткен маусымды «Тюмень» сапында өткізіп, тұрақты чемпионатта 58 матчқа қатысып, 23 (12+11) ұпай жинаған.

Петраков мансабында ВХЛ-да «Локомотив», «Рязань», Санкт-Петербургтің «Динамосы», АКМ, «Рязань-ВДВ» және «Тюмень» командаларының намысын қорғаған. Лигада барлығы 577 ойын өткізіп, 287 (128+159) ұпай еншілеген.

Сонымен қатар хоккейші 2017-2020 жылдар аралығында үш маусым бойы ҚХЛ-да «Витязь» сапында өнер көрсетті. Ол команда құрамында 47 матч өткізіп, 14 (4+10) ұпай жинаған.



Біздің серіктес: Sport12kz