3 күн бұрын
«Номад» Қазақстан чемпионатында елордада «Горняктан» жеңілді
Шайбалы хоккейден Қазақстан тұрақты чемпионаты аясында астаналық «Номад» өз айдынында Рудныйдың «Горнягын» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу қонақтардың 4:3 есебімен овертаймдағы жеңісімен аяқталды. Рудныйлық команда құрамында Тимур Шингареев (17-минут), Владимир Молотов (35, 56-минуттар) және Данила Платонов (65-минут) өз есебіне голдар жазды. Елордалық ұжым үшін Абзал Әлібек (5, 60-минут) және Даниил Цыбин (57-минутта) мергендік танытты.
Осылайша, «Горняк» төрт ұпай жинап, турнир кестесінде уақытша бесінші орынға көтерілді. Ал «Номад» бес ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Ертең, 7 қыркүйекте командалар екінші матч өткізеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен сағат 13:00-ге белгіленген.
Біздің серіктес: Sport12kz