5 сағат бұрын
«Барыстың» жаңа маусымдағы құрамы өзгерді
ҚХЛ «Барыстың» жаңа маусым алдындағы құрамындағы өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Лиганың ресми сайты елордалық клубтың «Сибирьге» қарсы өтетін кездесуі алдында команда құрамындағы өзгерістерді атап өтті.
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец өз орнында қалды. Өткен маусымда елордалық команда Шығыс конференциясында небәрі 11-орын алған еді.
Жазғы маусымаралық кезеңде «Барыс» үш қақпашымен — Никита Бояркин, Артем Шестаков және Адам Шиломен қоштасты. Олардың орнына америкалық Хантер Шепард шақырылды. Ол жаңа маусымда ҚХЛ-да алғаш рет өнер көрсетеді.
Сонымен қатар команда сапын шабуылшылар Джастин Бэйли мен Гарретт Пилон толықтырды. ҚХЛ-да тәжірибесі бар жаңа ойыншылар қатарында қорғаушылар Логан Дэй мен Чейз Эванс Приски, сондай-ақ шабуылшы Аркадий Шестаков бар.
«Барыстың» маусым алдындағы үздік сұрмергендері Алихан Өмірбеков (6 ойында 3+1) пен Тайс Томпсон (6 ойында 0+4) болды.
Ал «Сибирь» жаңа маусымды Қазанда «Ак Барсқа» қарсы матчпен бастап, 3:4 есебімен буллиттер сериясында жеңілді. Новосібірлік клуб сапындағы жаңа ойыншы Евгений Кузнецов алғашқы кездесуінде шайба соқты.
Айта кетейік, «Барыс» пен «Сибирь» арасындағы матч бүгін, 7 қыркүйекте Астанада өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
ҚХЛ тарихында командалар 67 рет кездескен. Оның 37-сінде «Сибирь» жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz