1 күн бұрын
Қазақстан хоккей құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Германияның Дюссельдорф және Мангейм қалаларында өтетін 2027 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесін жариялады, деп хабарлайлы Sport12.kz.
Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түседі, Қарсыластары - Чехия, Словакия, АҚШ, Дания, Канада, Норвегия және Мажарстан құрамалары.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі
15 мамыр: Қазақстан - Чехия;
16 мамыр: Словакия - Қазақстан;
18 мамыр: Қазақстан - Дания;
19 мая: АҚШ - Қазақстан;
21 мамыр: Канада - Қазақстан;
22 мамыр: Норвегия - Қазақстан;
24 мамыр: Қазақстан - Венгрия.
Айта кетсек, шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өткен I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда ойын көрсеткен еді.
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Канада - 28, Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 3, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
Біздің серіктес: Sport12kz