13 сағат бұрын
Аққалықов Жапониядағы дода алдында мәлімдеме жасады
Азияның қазіргі чемпионы Сабыржан Аққалықов Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына аттанып, ел намысын лайықты қорғауға уәде берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында басты мақсаттарының жеңіс екенін атап өтті.
«Азиадаға аттандық! Мақсатымыз — жеңіс! Бар күшімізді салып, еліміздің намысын лайықты қорғаймыз. Тек алға. Тек жеңіс. Тек Қазақстан!» — деп жазды Аққалықов.
Қазақстан құрамасы Азиадаға дайындықтың қорытынды кезеңін өткізу үшін 11 боксшымен бірге Жапонияға аттанды. Бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады. Жартылай финалдық жекпе-жектер 29 және 30 қыркүйекке, ал финалдық кездесулер 2 қазанға жоспарланған.
Біздің серіктес: Sport12kz