6 сағат бұрын
«Барыс» өз алаңында «Салават Юлаевты» қабылдайды
9 қыркүйек күні елордалық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Уфаның «Салават Юлаев» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Астанада өтіп, сағат 19:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы қолжетімді болады.
«Барыс» жаңа маусымды «Сібірді» 7:1 есебімен ойсырата жеңіп бастады. Бұл кездесуде Джастин Бэйли дубль жасаса, Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан, Семен Симонов, Чейз Приски және Гарретт Пилон бір-бір шайбадан соқты.
Ал «Салават Юлаев» маусым басында екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Уфалықтар «Северстальді» 3:2, «Авангардты» 4:0 есебімен ұтты.
«Барыс» келесі кездесуін 12 қыркүйекте өз алаңында «Амурға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz