1 күн бұрын
«Сарыарқа» хоккей клубы «Торпедодан» басым түсті
Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында қарағандылық «Сарыарқа» Өскеменнің «Торпедо» командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның алғашқы екі кезеңінде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан асңылау таба алған жоқ. Ойынның 51-минутында қарағандылық Александр Борисевич өскемендік клуб қақпасынан саңылау тапты. Соңғы минутта өскемендіктер қақпашыны орнына ойыншыны қосты. Бұл қарағандылық командаға тағы бір шайба соғуға мүмкіндік берді. Бұл жолы Данила Қарабан көзге түсті.
Нәтижесінде «Сарыарқа» 2:0 есебімен басым түсті. Енді 11 қыркүйекте олар аталған қарсыласымен тағы бір мәрте ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz