5 күн бұрын
Бүгін «Барыс» Астанада «Амурды» қабылдайды
12 қыркүйекте Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Барыс» – «Амур» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
«Барыс» жаңа маусымды өз алаңындағы екі жеңіспен бастады. Астаналық клуб осы екі кездесуде қарсыластарының қақпасына 15 шайба соққан.
Алғашқы ойында «Барыс» новосібірлік «Сибирьді» 7:1 есебімен жеңсе, екінші матчта «Салават Юлаевтан» 8:6 есебімен басым түсті. Осылайша, екі ойыннан кейін астаналық клубтың еншісінде төрт ұпай бар.
«Амур» жаңа маусымда үш матч өткізді. Хабаровскілік команда «Металлург» Магнитогорскіден екі рет (2:4, 1:2 овертаймда) және «Сибирьден» (0:2) жеңілді. Үш кездесуден кейін «Амурдың» бір ұпайы бар.
Біздің серіктес: Sport12kz