3 күн бұрын
Ресейлік хоккей сарапшысы «Барысқа» баға берді
Ресейлік хоккей сарапшысы Михаил Зислис ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы «Амурға» (1:3) қарсы матчтан кейін астаналық «Барыстың» ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Сибирь» мен «Салават Юлаевтың» қақпасына көп шайба соққан «Барыс» бір күні тоқтауы керек еді. Бұған «Амур» мен тамаша ойнаған қақпашы Максим Дорожко мүмкіндік берді. Қиыр Шығыс командасы жан аямай қорғанып, аз құрамда қалған сәттерде де барын салды.
Алаң иелері қозғалыс жағынан басым болды және стадион лық толған кезде жеңіске жетуге жеткілікті мүмкіндік жасады. Бірақ жолы болмады.
Бір жаздың ішінде «Барыс» топ-командаға айналды деп ойлау аңғалдық болар еді. Дегенмен командасының ойыны көзге өте тартымды көрінеді. Осы қарқыннан таймаса екен», – деп жазды Зислис өзінің «Правый хват» Telegram арнасында.
Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 16 қыркүйекте Тольяттиде жергілікті «Ладаға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz