5 сағат бұрын
Бүгін «Барыс» «Ладаға» қарсы ойнайды
16 қыркүйек, сәрсенбі күні Тольяттиде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Лада» мен «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Лада» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.
Ойын алдында екі команда да төрт ұпайдан жинаған. Алайда «Лада» чемпионатта «Барысқа» қарағанда екі ойын артық өткізді.
Тольятти клубы қатарынан төрт рет жеңілгеннен кейін соңғы матчында өз алаңында минскілік «Динамоны» 4:2 есебімен жеңді.
Ал «Барыс» соңғы кездесуінде өз алаңында «Амурдан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Оған дейін астаналық клуб үйдегі екі матчта жоғары нәтижелілік көрсетіп, «Сибирьді» 7:1, «Салават Юлаевты» 8:6 есебімен жеңген еді.
Михаил Кравец шәкірттері алдағы сырт алаңдағы серияда «Металлург», «Локомотив» және мәскеулік «Динамомен» де ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz