4 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Ладаны» ірі есеппен жеңді
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 16 қыркүйекте Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық команда бір шайба соқса, екінші кезеңде олар екі мәрте қақпаны дәл көздеді. Шешуші кезеңде «Барыс» тағы үш мәрте гол соқты.
«Лада» (Тольятти, Қазақстан) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 0:6 (0:1, 0:2, 0:3)
0:1 - Масси (Омирбеков, Муратов) - 18:12
0:2 - Бэйли (Кайыржан) - 21:00
0:3 - Симонов (Ляпунов, Бекетаев) - 39:14
0:4 - Маккошен (Савицкий) - 46:01
0:5 - Бэйли - 53:04
0:6 - Томпсон (Приски) - 55:14
Қақпашылар: Подскребалин (Мишуров, 40:00 - 60:00) - Шепард.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық команда алдағы үш ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 18 қыркүйекте «Металлург» (Магнитогорск) клубымен кездессе, 20 қыркүйекте «Локомотив» (Ярославль), 22 қыркүйекте «Динамо» (Мәскеу) командаларымен ойнайды.
https://kaz.inform.kz/news/khl-baris-bugn-reseyde-lada-komandasimen-kezdesed-e9d8ae48
Айта кетейік, елордада қазақстандық команда Ресейдің «Сибирь» (7:1) және «Салават Юлаев» (8:6) командаларын жеңіп, «Амурға» (1:3) есе жіберді.
Ақбота Тұрсынбек.
Біздің серіктес: Sport12kz