5 сағат бұрын
Бүгін «Барыс» «Металлургпен» кездеседі
Бүгін Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті матчында сырт алаңда Магнитогорскінің «Металлургімен» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
«Барыс» маусым басында Новосібірдің «Сибирін» (7:1), Уфаның «Салават Юлаевын» (8:6) және Тольяттидің «Ладасын» (6:0) жеңді. Ал Хабаровскінің «Амурына» (1:3) есе жіберді.
«Металлург» өз кезегінде «Амурды» екі рет (4:2 және 2:1 ОТ), Қазанның «Ак Барсын» (3:2 Б) жеңді. Магнитогорск клубы Омбының «Авангардына» (2:3 ОТ) және Мәскеудің «Спартагына» (2:3) ұтылды.
Айта кетейік, «Металлург» Гагарин кубогын үш рет жеңіп алған. Команда сапында Қазақстан құрамасының хоккейшілері Валерий Орехов пен Никита Михайлис өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz