16 сағат бұрын
«Барыс» «Металлургтен» ірі есеппен жеңілді
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 2026/27 жылғы чемпионатында сырт алаңда «Металлургке» ойсырай жеңілді.
Магнитогорск клубы алғашқы кезеңде-ақ үш шайба соқты. 2-минутта Макар Хабаров есеп ашса, араға 16 секунд салып Егор Коробкин есепті еселеді. 10-минутта Никита Михайлис үшінші шайбаны соқты.
Осыдан кейін «Барыстың» қақпасында Хантер Шепардты Андрей Шутов алмастырды. Қалған екі кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Осылайша «Барыс» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Енді Елордалық клуб келесі матчын 20 қыркүйекте «Локомотивке» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz