4 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Локомотивпен» кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 20 қыркүйекте Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде «Металлург» командасы 6 ойыннан кейін 12 ұпаймен бірінші орында тұрса, «Барыс» 6 ұпаймен оныншы орында келеді.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесуде елордалық клуб барлығында қарсыласына есе жіберді.
«Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Айта кетсек, қазақстандық команда бұдан кейін тағы бір кездесуін сырт айдында өткізіп, 22 қыркүйекте «Динамо» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» бүгін Ресейде «Металлург» командасымен кездесті.
Біздің серіктес: Sport12kz