2 күн бұрын
«Барыс» ҚХЛ көшбасшысын 5:0 есебімен ойсырата жеңді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Елордалық команда сырт алаңда Ярославльдің «Локомотивін» 5:0 есебімен тізе бүктірді.
«Барыс» кездесудің алғашқы минуттарынан белсенді ойнап, бірінші кезеңде екі шайба соқты. Джейк Масси мен Логан Дэй қарсылас қақпашысын қапы қалдырып, командасын 2:0 есебімен алға шығарды.
Екінші кезеңде астаналық клуб тағы екі рет мергендік танытты. Алдымен Джастин Бэйли есепті 3:0-ге жеткізсе, кейін Ансар Шайхмедденов төртінші шайбаны соқты.
Үшінші кезеңде «Барыс» басымдығын сақтап қалды. Семен Симонов кездесудің соңғы минуттарында бесінші шайбаны қақпаға енгізіп, матчтың нүктесін қойды.
Осылайша, «Барыс» «Локомотивті» 5:0 есебімен жеңіп, ярославльдік команданың қатарынан алты матчқа созылған жеңіс сериясын үзді.
Елордалық клуб келесі ойынын 22 қыркүйекте өткізеді. Бұл кездесуде «Барыс» Мәскеудің «Динамосына» қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz