Матч орталығы
Сингапур женщины Теннис Мария Саккари Мария Саккари 2:0 Аяқталды Линда Фрухвиртова Линда Фрухвиртова Суперкубок Турции Баскетбол Фенербахче Фенербахче 72:59 Аяқталды Бешикташ Бешикташ Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 3:5 Аяқталды Лозанна Лозанна Нидерланд кубогы Футбол Ассен Ассен 2:1 Аяқталды Хогевен Хогевен Нидерланд кубогы Футбол Гарденберг Гарденберг 0:1 Аяқталды Барендрехт Барендрехт Лига Магнус Хоккей Марсель Марсель 5:1 Аяқталды Руан Руан Лига Магнус Хоккей Амьен Амьен 2:3 Аяқталды Анже Анже Лига Магнус Хоккей Сержи Понтуаз Сержи Понтуаз 6:5 Қос. уақытта Ницца Ницца Лига Магнус Хоккей Англет Хормади Англет Хормади 2:4 Аяқталды Шамони Шамони Чэнду мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 10:00 Бүгін Хуберт Хуркач Хуберт Хуркач Кубок наций Персидского залива Футбол Ирак Ирак 19:30 Бүгін Оман Оман Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Әзербайжан Әзербайжан 21:00 Бүгін Тәжікстан Тәжікстан Кубок наций Персидского залива Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 23:00 Бүгін Кувейт Кувейт Лига Наций КОНКАКАФ Футбол Теркс и Кайкос острова Теркс и Кайкос острова 00:00 Ертең Монтсеррат Монтсеррат Еуропа чемпионаты Волейбол Италия Италия 00:05 Ертең Финляндия Финляндия Лига Наций КОНКАКАФ Футбол Багамские острова Багамские острова 01:00 Ертең Сен-Мартен Сен-Мартен Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 21.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Конференциялар лигасы Футбол Аталанта Аталанта 22:45 05.11 Қайрат Қайрат

6 сағат бұрын

Шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты қашан басталады?

Шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты қашан басталады?

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстан хоккей федерациясының Республикалық жарыстарды өткізу департаменті 2026/27 жылғы Қазақстан әйелдер чемпионатының күнтізбесін жариялады., деп хабарлайды Sport12.kz.

Алдағы чемпионатта Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін алты команда таласады. Олар: «Томирис», «Айсұлу», «Торпедо», «Грация», «Жұлдыз» және «Алматы». Өткен маусымдағыдай, командалар жекелеген турлар аясында емес, Pro және Jastar Ligasy чемпионаттарындағы тәртіп бойынша өз алаңында және сырт алаңда ойындар өткізеді.

Чемпионат екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, яғни тұрақты чемпионатта, әр команда 20 ойыннан өткізеді. Одан кейін үздіктер анықталып, финалдық кезеңге жолдама алады.

Бірінші кезең 24 қазанда басталады. Осы күні Алматыда өткен маусымның финалистері «Айсұлу» мен «Томирис» кездеседі. «Томирис» үшін тұрақты чемпионаттағы соңғы ойын 2 сәуірге жоспарланған. Бұл күні Александр Тебеньковтің ойыншылары «Торпедомен» кездеседі.

13 сәуірде финалдық кезең басталады. Оның қорытындысы бойынша чемпионаттағы командалардың қорытынды орындары анықталады. Үздік төрт команда алдымен жартылай финалда бақ сынайды. Одан кейін үшінші орын үшін және чемпиондық атақ үшін сериялар өтеді.

Плей-офф кезеңіндегі барлық серия екі жеңіске дейін жалғасады.

Еске салсақ, қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 22 қыркүйекте Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.




Біздің серіктес: Sport12kz