6 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы құрамын жариялады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 21:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Морелли – Пилон – Бэйли, Масси (А) – Дэй
Өмірбеков – Томпсон – Қайыржан, Маккошен – Данияр (А)
Симонов – Логвин – Ляпунов, Приски – Диханбек
Шайхмедденов – Шестаков – Савицкий (С), Бритиков
Қақпашылар: Шутов (Шепард).
Турнир кестесінде «Динамо» командасы 7 ойыннан кейін 11 ұпаймен он бірінші бірінші орында тұрса, «Барыс» 8 ұпаймен сегізінші орында келеді.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесуде елордалық клуб төртеуінде қарсыласынан басым түсті.
Айта кетсек, қазақстандық команда бұдан кейін тағы екі кездесуін елордада өткізеді. Алдымен 25 қыркүйекте Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен шеберлік байқасса, одан кейін 27 қыркүйекте СКА (Санкт-Петербург) клубымен ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz