5 сағат бұрын
«Алматы» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: hcbarys.kz
Александр Анатольевич Высоцкий «Алматы» хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өткен маусымда тәжірибелі маман атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубының тізгінін ұстаған еді. Қазақстан тұрақты чемпионаты қорытындысы бойынша команда жетінші орынға табан тіреді.
Бапкерлік қызметінде Александр Высоцкий «Номад» (Астана), «Снежные Барсы» (МХЛ, Астана) және «Барыс» (КХЛ) клубтарында еңбек етті.
Айта кетсек, бұған дейін алматылық клубта бас бапкер болған Александр Геннадьевич Нестеров қызметінен кетті.
Біздің серіктес: Sport12kz