4 сағат бұрын
«Арлан» командасымен кездесуде «Сарыарқаға» техникалық жеңіліс жазылды
Фото: Қазақстан хоккей федеарциясы
Қазақстан хоккей федерациясының республикалық жарыстарын өткізу департаменті 2026 жылғы 22 қыркүйекке жоспарланған «Сарыарқа» және «Арлан» командалары арасындағы №43 матчтың өткізілмегенін мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстарды өткізу регламентінің 6.2.13-тармағының, 6-бабының, 2-бөлімінің талаптарына сәйкес-жедел медициналық көмек бригадасының болмауы, "Сарыарқа" командасына 0:5 есебімен техникалық жеңіліс жазылды.
Біздің серіктес: Sport12kz