5 күн бұрын
«Барыс» ҚХЛ-дағы үй сериясының алдында қорғаушысынан айырылды
Астаналық «Барыс» қорғаушы Мади Диханбектің жарақатына байланысты алдағы матчтарда оның қызметіне жүгіне алмайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Диханбек «Динамоға» қарсы өткен кездесуде жарақат алған. Қорғаушы жарақат алғандар тізіміне енгізіліп, «Барыстың» алдағы ойындарына қатыса алмайды.
«Барыс» – «Нефтехимик» матчы бүгін Астанада өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады. Бастапқыда ойын 25 қыркүйекке жоспарланған еді, алайда Қазақстандағы ұлттық аза тұту күніне байланысты кейінге шегерілді.
Командалар арасындағы кездесу алдында «Барыс» жеті матчтан кейін 10 ұпай жинаса, «Нефтехимик» сегіз ойыннан кейін 11 ұпай еншілеген.
ҚХЛ-дағы соңғы матчында «Барыс» сырт алаңда Мәскеудің «Динамосын» 4:1 есебімен жеңді. Ал «Нефтехимик» өз алаңында Тольяттидің «Ладасын» 7:3 есебімен ойсырата ұтты.
Біздің серіктес: Sport12kz