4 күн бұрын
«Барыс» бүгін СКА-ға қарсы ойнайды
27 қыркүйек, жексенбі күні Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті матчы өтеді. Бұл ойында «Барыс» Санкт-Петербургтің СКА клубын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Барыс» – СКА матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.
ҚХЛ-дың жаңа маусымында «Барыс» сегіз матч өткізіп, 10 ұпай жинады. Ал СКА жеті ойыннан кейін 12 ұпай еншілеген.
«Барыс» соңғы матчында өз алаңында Нижнекамскінің «Нефтехимигінен» 3:6 есебімен жеңілді. Ал СКА сырт алаңда Челябинскінің «Тракторын» 4:3 есебімен жеңді.
Санкт-Петербург клубы 2026/27 жылғы маусымның басынан бері бір ғана жеңіліс тіркеді.
Командалардың соңғы ресми кездесуі наурыз айында өтіп, СКА 7:0 есебімен жеңіске жеткен. Оған дейінгі ҚХЛ аясындағы екі матч та «Барыстың» ірі есеппен жеңілісімен аяқталған — 0:5 және 2:5.
Біздің серіктес: Sport12kz