1 күн бұрын
ҚХЛ: «Барыс» алдағы үш ойынға қатысатын құрамын жариялады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы үш ойынға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық команда алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 30 қыркүйекте Ресейде «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, одан кейін 2 қазанда «Нефтехимик» (Нижнекамск), 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Біздің серіктес: Sport12kz