16 сағат бұрын
«Барыс» ҚХЛ матчында «Ақ Барсқа» қарсы ойнайды
30 қыркүйекте Қазан қаласында Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Ақ Барс» пен астаналық «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Ақ Барс» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
ҚХЛ-дың жаңа маусымында он матч өткізген «Ақ Барс» 13 ұпай жинаса, «Барыс» тоғыз кездесуден кейін 10 ұпайға ие.
Тұрақты чемпионаттағы соңғы матчында «Ақ Барс» сырт алаңда Магнитогорскінің «Металлургіне» 1:2 есебімен жол берді. Ал «Барыс» өз алаңында петерборлық СКА-дан 3:5 есебімен жеңілді.
Бұған дейін «Барыс» сырт алаңда қатарынан екі ірі жеңіске жеткен еді. Астаналық клуб «Локомотивті» 5:0, ал мәскеулік «Динамоны» 4:1 есебімен жеңді. Кейін Михаил Кравец шәкірттері өз алаңында екі рет жеңіліп қалды. «Барыс» бұдан бөлек Нижнекамскінің «Нефтехимигінен» 3:6 есебімен ұтылды.
«Ақ Барс» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz