9 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барсқа» қарсы құрамын жариялады
Фото: «Барыс» ХК
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейдің «Ак Барс» командасына қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде «Ак Барс» командасы 10 ойыннан кейін 13 ұпаймен жетінші орында тұрса, «Барыс» 9 ойыннан кейін 10 ұпаймен он бірінші орында келеді.
«Барыстың» құрамы:
Шутов (Шепард);
Масси — Данияр, Симонов — Логвин — Ляпунов;
Маккошен — Дэй, Морелли — Пилон — Бэйли;
Бритиков — Приски, Өмірбеков — Томпсон — Қайыржан;
Әлібек — Оразов, Шайхмедденов — Шестаков — Савицкий.
Қазақстандық команда алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 30 қыркүйекте Ресейде «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, одан кейін 2 қазанда «Нефтехимик» (Нижнекамск), 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Sport12kz