3 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Ак Барсқа» жол берді
Фото: «Барыс» ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 30 қыркүйекте елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында елордалық клуб бірінші кезеңде алғашқы болып есеп ашқан еді. Есесіне екінші және үшінші кезеңде өз қақпасына төрт гол жіберіп алды.
«Ак Барс» (Казань, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:1 (0:1, 3:0, 1:0)
Голдар
0:1 - 08:53 Логвин (Дэй, Симонов).
1:1 - 21:54 Кателевский (Якупов).
2:1 - 23:20 Денисенко (Яруллин, Евсеев).
3:1 - 24:14 Миллер (Лямкин, Якупов).
4:1 - 59:14 Семёнов (Денисенко, Яруллин).
Қақпашылар: Билялов — Шутов 00:00-24:14, Шепард 24:14-60:00.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Салдарынан қатарынан олар үш ойында жеңілістің ащы дәмін татты.
Қазақстандық команда алдағы екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2 қазанда «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубымен кездессе, 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Sport12kz