3 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Нефтехимикпен» кездеседі
Фото: «Барыс» ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ертең, 2 қазанда елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде «Ак Барс» командасы 11 ойыннан кейін 15 ұпаймен үшінші орында тұрса, «Барыс» 10 ойыннан кейін 10 ұпаймен он екінші орында келеді.
«Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстандық команда бұдан кейін бір ойынын сырт айдында өткізіп, 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Sport12kz