6 күн бұрын
«Барыс» ҚХЛ-да «Нефтехимикке» қарсы ойнайды
2 қазан, жұма күні Нижнекамскіде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Нефтехимик» пен «Барыс» кездеседі.
«Нефтехимик» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
ҚХЛ-дың жаңа маусымында «Нефтехимик» 11 матч өткізіп, 15 ұпай жинады. Ал «Барыс» 10 ойыннан кейін 10 ұпайға ие.
Соңғы матчында «Нефтехимик» сырт алаңда «Амурдан» 0:1 есебімен жеңілсе, «Барыс» қонақта «Ақ Барсқа» 1:4 есебімен жол берді. Бұл астаналық клубтың ҚХЛ-дағы қатарынан үшінші жеңілісі болды.
2026/27 жылғы маусымда командалар бұған дейін бір рет кездескен. 26 қыркүйекте Астанада өткен ойында «Нефтехимик» 6:3 есебімен жеңіске жетті.
«Барыс» соңғы рет «Нефтехимикті» 2024 жылдың қарашасында жеңген. Содан бері қазақстандық клуб қарсыласына қатарынан бес матчта есе жіберіп келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz