7 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» «Нефтехимикке» қарсы құрамын жариялады
Фото: «Барыс» ХК
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы кезекті турындағы Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде «Нефтехимик» командасы 11 ойыннан кейін 15 ұпаймен үшінші орында тұрса, «Барыс» 10 ойыннан кейін 10 ұпаймен он екінші орында келеді.
Екі құрама арасындағы соңғы бес кездесудің барлығында қазақстандық команда қарсыласына есе жіберді.
«Барыстың» құрамы
Шепард (Шутов);
Масси — Данияр, Логвин — Пилон — Бэйли;
Маккошен — Дэй, Симонов — Морелли — Томпсон;
Бритиков — Приски, Өмірбеков — Шестаков — Қайыржан;
Әлібек — Оразов, Шайхмедденов — Панюков — Савицкий.
Қазақстандық команда бұдан кейін бір ойынын сырт айдында өткізіп, 4 қазанда «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Sport12kz