Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Комор аралдары Комор аралдары 0:1 Аяқталды Сенегал Сенегал УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Әзербайжан Әзербайжан 1:0 Аяқталды Литва Литва Хорватия кубогы Футбол Вуковар 91 Вуковар 91 0:4 Аяқталды Динамо Динамо КХЛ Хоккей Спартак Спартак 3:4 Пенальтиден соң Барыс Барыс Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Зенит Зенит 1:0 Аяқталды БАТЭ БАТЭ УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Мальта Мальта 1:0 Аяқталды Андорра Андорра УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Косово Косово 1:1 Аяқталды Аустрия Аустрия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Марокко Марокко 1:1 Аяқталды Мали Мали Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Египет Египет 0:1 Аяқталды ОАР ОАР УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Португалия Португалия 2:1 Аяқталды Норвегия Норвегия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грекия Грекия 0:0 Аяқталды Германия Германия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Уэльс Уэльс 0:1 Аяқталды Дания Дания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Ирландия Ирландия 1:1 Аяқталды Израиль Израиль УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Нидерланд Нидерланд 2:1 Аяқталды Сербия Сербия Сегунда Футбол Жирона Жирона 0:0 Аяқталды Мальорка Мальорка Челленджер Унин 3 Теннис Алибек Качмазов Алибек Качмазов 07:00 Бүгін Григорий Ломакин Григорий Ломакин Шанхай мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 10:10 Бүгін Стефанос Сакелларидис Стефанос Сакелларидис Челленджер Унин 3 Теннис Бейбіт Жұқаев Бейбіт Жұқаев 11:00 Бүгін Ярослав Демин Ярослав Демин Шанхай мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 11:20 Бүгін Есихито Нисиока Есихито Нисиока Пекин мужчины Теннис Новак Джокович Новак Джокович 16:00 Бүгін Даниил Медведев Даниил Медведев

5 сағат бұрын

«Барыс» сырт алаңда қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді

«Барыс» сырт алаңда қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Мәскеуде «Спартакты» буллиттер сериясында жеңді.

Кездесудің алғашқы кезеңінде командалар есеп аша алмады.

Екінші кезеңде Даниил Гутик «Спартакты» алға шығарды. Алайда көп ұзамай Логан Дэй есепті теңестірді. Артынша Әлихан Әсетов «Барысқа» басымдық сыйлады. Үзіліске дейін Данил Пивчулин есепті 2:2-ге жеткізді.

Үшінші кезеңнің басында Люк Локхарт «Спартакты» қайта алға шығарды. Негізгі уақыттың аяқталуына 1 минут 38 секунд қалғанда Тай Томпсон таразы басын теңестірді.

Қосымша уақытта есеп өзгерген жоқ. Жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. «Барыс» сапынан Гарретт Пилон шешуші соққыны дәл орындап, командасына жеңіс әкелді.

Осылайша «Барыс» сырт алаңдағы қатарынан екінші кездесуінде жеңіске жетті. Бұған дейін астаналықтар «Нефтехимикті» овертаймда 5:4 есебімен ұтқан.

Михаил Кравец шәкірттері келесі кездесуін 10 қазанда Астанада өткізеді. Қарсыласы — Омбының «Авангарды».



Біздің серіктес: Sport12kz