2 күн бұрын
Қазақстандық хоккейшілер Азия чемпионатында бақ сынайды
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына қатысады.
Құрлықтық дода 15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы чемпиондық атақ үшін Қытай, Корея және Жапония командаларымен күш сынасады.
Халықаралық хоккей федерациясының рейтингінде Жапония 8-орында тұр. Қытай – 14, Корея – 18, ал Қазақстан 22-сатыда орналасқан.
Азия чемпионаты биыл үшінші рет ұйымдастырылады. Былтыр Өскеменде өткен турнирде Қазақстан құрамасы қола жүлде иеленді. 2024 жылы Бейжіңде өткен алғашқы жарыста да қазақстандық хоккейшілер үшінші орын алған.
Біздің серіктес: Sport12kz