3 күн бұрын
Бүгін «Барыс» Астанада «Сибирьді» қабылдайды
12 қазанда Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен Новосібірдің «Сибирь» командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.
«Барыс» осы уақытқа дейін 13 матч өткізіп, 16 ұпай жинаған. Ал «Сибирь» 14 кездесуде 11 ұпайға ие болды.
Астаналық клуб соңғы ойынында өз алаңында Омбының «Авангард» командасын 5:1 есебімен жеңді. Ал «Сибирь» сырт алаңда Челябінің «Тракторынан» 2:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, екі команда жаңа маусымның басында Астанада кездесіп, сол жолы «Барыс» 7:1 есебімен ірі жеңіске жеткен еді. Бұған дейін астаналық клуб «Сибирьге» қарсы ҚХЛ аясындағы қатарынан бес матчта жеңіліс тапқан болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz