19 сағат бұрын
«Барыс» «Автомобилистке» қарсы матч алдында екі ойыншыдан айырылуы мүмкін
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасына қарсы өтетін үй матчына дайындық барысындағы құрам жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мади Диханбек әлі де жарақатына байланысты ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар сырқаттанып қалған Всеволод Логвиннің де алдағы кездесуге қатысуы екіталай.
«Мади Диханбек әлі де лазаретте. Сондай-ақ Всеволод Логвиннің сырқатына байланысты „Автомобилистке“ қарсы матчты өткізіп алу мүмкіндігі жоғары», — делінген клуб хабарламасында.
«Барыс» — «Автомобилист» матчы Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Айта кетейік, «Барыс» 14 матчтан кейін 16 ұпай жинаған. Ал «Автомобилист» 13 кездесуде 14 ұпайға қол жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz