Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 3:6 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 3:2 Аяқталды Комо Комо Еуролига Баскетбол Эфес Эфес 93:101 Аяқталды Бавария Бавария Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 0:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол КПР КПР 4:1 Аяқталды Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 3:2 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Еуролига Баскетбол Париж Париж 94:96 Аяқталды Виртус Виртус Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 3:2 Аяқталды Порту Порту Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 3:4 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 0:6 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 1:0 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 0:3 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 2:4 Аяқталды ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 3:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 6:0 Аяқталды Фенербахче Фенербахче НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 05:30 Бүгін Даллас Даллас Челленджер Цзинань Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 09:00 Бүгін Яи Дилан Хара Френд Яи Дилан Хара Френд Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 21:45 Бүгін Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Панатинаикос Панатинаикос 21:45 Бүгін Борац Борац Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 21:45 Бүгін Аякс Аякс

12 сағат бұрын

«Барыс» Хантер Шепардқа қатысты тараған ақпаратқа жауап берді

«Барыс» Хантер Шепардқа қатысты тараған ақпаратқа жауап берді

Астаналық «Барыс» клубы америкалық қақпашы Хантер Шепардпен келісімшартты бұзу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

Клубтың баспасөз қызметі қақпашының командада қалатынын және әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

«Хантер Шепардқа қатысты клубтың ресми ұстанымын хабарлаймыз. Қақпашымен келісімшартты бұзу жөнінде ешқандай келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ. Ол “Барыстың” ойыншысы болып қала береді. Расталмаған ақпаратты таратпауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Бұған дейін бірқатар БАҚ «Барыс» америкалық легионермен қоштасуды жоспарлап отырғанын жазған еді. Алайда клуб бұл ақпаратты растаған жоқ.

Хантер Шепард осы маусымда Құрлықтық хоккей лигасында 10 матч өткізіп, оның төртеуінде «Барыс» жеңіске жетті. Қақпашы 167 соққыны қайтарды. Оның соққыларды қайтару көрсеткіші – 86,5 пайыз, ал сенімділік коэффициенті – 3,36.

Шепардтың «Барыспен» келісімшарты осы маусымның соңына дейін жарамды.



Біздің серіктес: Sport12kz