4 сағат бұрын
«Барыс» ҚХЛ-дағы үш ойынға қатысатын құрамын жариялады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының алдағы үш турына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық команда Новосібір – Хабаровск – Владивосток бағытында жолға шықты.
Елордалық клуб енді қатарынан үш кездесуді сырт айдында өткізеді. Алдымен 17 қазанда Ресейде «Сибирь» (Новосібір) клубымен кездессе, одан кейін 19 қазанда «Амур» (Хабаровск), 21 қазанда «Адмирал» (Владивосток) командаларымен шеберлік байқасады.
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанали Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Еске салсақ, қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 14 қазанда елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz