Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17.02.2025

«Барыс» елордада Ресейдің «Металлург» клубын қабылдайды 

«Барыс» елордада Ресейдің «Металлург» клубын қабылдайды 

Фото: «Барыс» хоккей командасы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 74 мәрте кездескен. Оның 27-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен. 
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 29 ұпаймен 23-орында тұрса, «Металлург» 70 ұпаймен 8-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 20 ақпанда «Северсталь» (Череповец) командасымен кездессе, одан кейін 22 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) клубымен ойнайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан