2 күн бұрын
Екі қазақ дзюдошысы жартылай финалда
Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан 2026 жылғы Азия чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының екі спортшысы жартылай финалға жолдама алды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан финалға шығу үшін күреседі.
Жартылай финалда Шерзод Давлатов Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен татамиге шығады. Ал Аман Бақытжан Бахрейн спортшысы Руслан Полторацкиймен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан